Премьер-министр демонополизациялау бойынша бірқатар тапсырма берді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.