Алтынемел паркіндегі фототұзаққа қар барысы түсіп қалды
Камераға қызыққан қар барысы Алтынемел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Телеграм-арнасы
Кадрлардан жануардың камераны байқап, оған жақын келіп, ойнап тұрған сәтін көруге болады.
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар кадрларға кездейсоқ түсіп қалып, әдетте байқамай өтіп кетеді. Егер байқап қалса, ормандағы ерекше құбылыс ретінде оған қызығушылық танытады.
Айта кету керек, жабайы жануарлардың қозғалысын бақылау үшін ұлттық паркте 15 фототұзақ орнатылған. Қар барысы объективке жиі түседі.
Айта кетейік, бұған дейін Алтынемелде сілеусін күшіктерімен бірге камераға түсіп қалғанын хабарлағанбыз.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»