Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 25 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.