Ресеймен әуе қатынасын кеңейту

Халықаралық қатынастарды одан әрі жаңарту және кеңейту мақсатындағы жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Ресей арасында екі жаңа тұрақты жолаушылар рейсін ашу мәселесін қарастырды.

Ресейлік "Red Wings" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап Алматы – Челябинск бағыты бойынша жексенбі күндері аптасына 1 рейс жиілігімен, сондай – ақ ағымдағы жылдың 22 шілдесінен бастап Ақтөбе-Жуковский бағыты бойынша жұма және жексенбі күндері аптасына 2 рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Рейстер SU-95 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн.