Бүгін 126 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда соңғы тәулікте 126 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия сауығып, қатарға қосылғандардың тұратын аймақтарын да атап өтті:

Нұр-Сұлтан қаласында - 40,

Алматы қаласында - 74,

Атырау облысында - 9,

Павлодар облысында - 2,

Түркістан облысында - 1.

«Елімізде барлығы 1 293 448 адам COVID-19-дан емделді. Ал коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 532 368 адам, екінші компонентін 9 315 917 адам салдырды», - деп жазды комиссия.