Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – халықтың ырысын молайтып, береке-бірлігін арттыратын, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа шақыратын қасиетті мейрам.

Бұл мерекеде әрбір мұсылман баласы жақсылық істеуге асығып, бір-біріне көмек қолын созып, жақындарына жақсы тілектерін арнайды.

Осынау қасиетті мерекеде әрбір отбасына амандық, зор денсаулық, елімізге бейбіт өмір тілеймін!

Құрбан айтта шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын!»