Кореяда 29 мың еуро тұратын жұлын операциясы елордада тегін жасалады
Жұлын ісігі өте қиын жерде орналасқан 35 жастағы алматылық Ұлттық Нейрохирургия орталығының ерекше ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сілтеме жасап.
Пациенттің айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында оң жақ қолы мен оң жақ аяғы әлсізденіп, ұйып қалып, мазалай бастайды. Ол тұрғылықты жері бойынша неврологтан ем қабылдайды, бірақ оның денсаулығы жақсармайды. Көп ұзамай пациент мойын омыртқасының МРТ диагностикасына жіберіледі. МРТ түсірімдерінің нәтижелері бойынша пациентке С1-С4 омыртқалары (кавернома) деңгейінде интрамедулярлы тамырлы ісігі анықталады. Ісік бассүйегі негізінде миға өтетін жұлынның ішінде орналасқан. Ісіктің орналасуы өте қиын жерде болғандықтан, нейрохирургтардың асқан шеберлігі, заманауи жабдықтар мен техника қажет еді. Айта кетейік, мұндай күрделі операцияны тек Нейрохирургия орталығында ғана жасауға болады.
Кореяда Нейрохирургия орталығында жасалған дәл осындай ота үшін менен 29000 евро сұраған. Алайда шетелдік дәрігерлер мұндай операция Қазақстанда да жақсы жасалатынын туралы пікір білдірген.
Операцияны аталған орталықтың Жұлын нейрохирургиясы, шеткі жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Талғат Керімбаев пен нейрохирург-дәрігер Жандос Тұйғынов жасады.
Талғат Тынышбайұлының айтуынша, операция кезінде анатомиялық ойықтардың бойымен ісікке дейін жету және жұлынның өткізгіш жолдары мен орталықтарына зақым келтірмей, оны алып тастау бірінші кезектегі міндет болған.
Операция сәтті өтті, ісік толығымен алынып тасталды. 2 тәуліктен соң науқас аяққа тұрды. Осындай жоғары технологиялық негізде жасалған күрделі операция пациентке МӘМС аясында квота бойынша жүргізілді . Пациент операциядан кейінгі үйіне шықты.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»