Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілуі мүмкін

«Қостанай» халықаралық әуежайына» Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілмек. Осыған қатысты Ашық үкімет НҚА порталында Үкіметтің қаулы жобасы жарияланды.

«Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», - делінген құжат жобасында.

Қоғамдық талқылау 29 сәуірге дейін жалғасады.