Қазақстан мен Израиль арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды

2022 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Израиль Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Айтулы күнге орай Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Израильдің Сыртқы істер министрі Яир Лапид өзара құттықтау хаттарымен алмасты.

Осы кезең ішінде Қазақстан-Израиль ынтымақтастығының жылдан-жылға нығайып, екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастық жоғары деңгейге жетті.

Дәстүрлі түрде жоғарғы және аса жоғары деңгейдегі кездесулер өтуде. Парламентаралық байланыстардың дамуы жалғасуда.

СІМ аралық консультациялар тұрақты негізде өткізілуде. Тараптар Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) өзара іс-қимыл жасауда, сондай-ақ израильдік өкілдер Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысына белсенді қатысып келеді.

Екіжақты байланыстардың маңызды бағыттарының бірі сауда-экономикалық сала болып табылады. 2021 жылы Израильден Қазақстан экономикасына құйылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 33 миллион АҚШ долларын құрады.

1992 жылдан бастап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Израиль бірлескен комиссиясы жұмыс істейді.

Екі елдің медицина мамандары арасында қарқынды алмасу жүргізілетін денсаулық сақтау саласы маңызды рөл атқарады. Екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық та маңызды орын алады.

Қазақстаннан Израильге көшіп барған еврей ұлтының өкілдері бүгінде екі ел арасындағы маңызды «достық көпірі» болып табылады.