Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның екі елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.