Нашар жолдар: Астанада тағы 3 автобус жүру кестесін өзгертті

Нұр-Сұлтан қаласында жол жабынының нашар болуына байланысты тағы 3 автобус жүру бағытын өзгертті, деп хабарлайды  CTS компаниясы.

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 34, 46, 9 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді», - делінген бүгін компания таратқан хабарламада.

Автобустардың жаңа қозғалыс сызбасымен CTS-тің әлеуметтік желідегі парақшасында танысуға болады .

Сондай-ақ мәлім етілгендей, 4 сәуірден бастап қала маңына қатынайтын № 319 бағдардың жүру кестесіне де өзгертулер енгізілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада жолдар қалпына келтірілгенге дейін 16 автобустың жүру бағыты өзгертілген болатын. Бір бағдар қызмет көрсетуін тоқтатты.