Каспий теңізінде бірлескен жедел профилактикалық іс-шаралардың басталуы туралы

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі ІІМ және ЭГТРМ аумақтық бөлімшелерімен, сондай-ақ РФ ФҚҚ ШҚ-мен бірлесіп Каспий теңізі су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесуге және биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізуді бастады.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі көрсетілген іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимдердің сақталуын бақылау күшейтілетінін хабарлайды.

Атап айтқанда, мемлекеттің табиғи байлықтарын тонаумен байланысты заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша бірқатар бірлескен рейдтер өткізу жоспарланған.