Мемлекет басшысы Александр Герлицті «Құрмет» орденімен марапаттады

Қазақстан Президенті паралимпиадашыларды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Герлиц Александр Александрович

–

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ спортшыcы

Жданович Антон Владимирович

–

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ аға жаттықтырушысы

Коломиец Василий Сергеевич

–

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ бас жаттықтырушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз

№ 844