Ержан Тәтішев Қоры 2022 жылғы білім гранттары байқауын жариялайды

Ержан Тәтішев Қоры «БесТірек» және «Кәсібіңді таңда!» білім гранттары бағдарламалары бойынша онлайн өтінімдерді қабылдау ашық деп хабарлайды.

«БесТірек» Бағдарламасы

Бағдарлама болашақ кәсіпкерлерге жол ашады. Бағдарлама мақсаты – кәсіпкерлікке ұмтылысы бар және көшбасшылық қабілеті бар белсенді жастарды қолдау. Гранттар білім деңгейі, жетістіктері мен жеке қабілеттеріне сүйене отырып өткізілетін байқау негізінде тағайындалады. Гранттар Алматы Менеджмент Университетіне «бизнес-администрирование в области предпринимательства» мамандығына беріледі. Байқауға жеке ісін ашуға ниет білдіретін және сол үшін қажетті машықтарды дамытуға ұмтылысы бар қазақстандық мектеп, колледж және балалар үйлерінің түлектері шақырылады.

Грант қандай шығындарды өтейді?

  Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты мен айсайын төленетін шәкіртақы

  Білім ала отырып, жеке бизнесті жүргізу мүмкіндігі

  АлмаУ тәлімгерлерінің қолдауы мен табысты кәсіпкерлерден тәжірибе алу

  АҚШ-тағы Babson College-де машықтану бағдарламасына қатынасу

  Табысты стартаптарды дамыту үшін грант

  Басқа қалалар мен аймақтар тұрғындары үшін жылына бір рет жол шығындарын өтеу

«БесТірек» Бағдарламасы жайында толық ақпарат

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы

«Кәсібіңді таңда!» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жастардың арнайы кәсіптік білім алулары үшін бағытталған. Бағдарлама мақсаты – белсенді өмірлік ұстанымы бар, кедергілерді еңсеруге талпынып, мамандыққа ие болуға және алған білімі мен дағдыларын келешекте қызметінде пайдалануға ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жастарды анықтау және қолдау. Байқауға Қазақстанның арнайы мектептерді бітіргелі отырған түлектері шақырылады. Байқаудың барлық кезеңдерінен сұрінбей өткен мүмкіндігі шектеулі жастар Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша білім ала алады.

 

Грант қандай шығындарды өтейді?

  Барлық оқу мерзімін қамтитын білім гранты мен айсайынға шәкіртақы

  Қазақстанның кез-келген колледжінде ұнатқан мамандық бойынша оқу

  Ай сайын төленетін шәкіртақы

 

«Кәсібіңді таңда!» Бағдарламасы жайында толық ақпарат

 

Бағдарламалар байқауына онлайн өтінімдер 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін осында https://cabinet.ytf.kz қабылданады.

Байқауға қатысу жайында сұрақтар туындаса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: +7 (727) 331 13 14; +7 700 331 13 14 (whatsapp, telegram).