Резервтегі қызмет мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірленді
Қорғаныс министрлігі «Резервте қызметті енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын әзірледі.
Заң жобасының мақсаты – жұмылдыру кезеңінде, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезінде де Қарулы күштерді әскери-оқытылған резервпен толық жасақтауды регламенттеу болып табылады.
Заң жобасын қабылдау әскери бөлімдерді адам ресурстарымен кепілді қамтамасыз етуді арттыруға, жауынгерлік тұрғыдан әзірленген резервтік күштер құруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен үстіміздегі жылғы 25 наурызға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»