Елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі өскен, бұл көлеңкелі майнингтің салдары - Үкімет

ҚР Үкіметі цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша бірқатар нақты шараларды қарастырды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы «сұр» цифрлық майнингтің мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары.

Елде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмаберді.

Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.