Миллиард тыңдалым: Imanbek Spotify наградасын алды

азақстандық диджей және саунд-продюсер Иманбек Зейкенов Roses ремиксінің миллиардтық тыңдалымы үшін Spotify марапатын алды, Sputnik деп хабарлайды.

Spotify Russia баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық диджей ТМД-дан бірінші болып осы сыйлықты иеленді.

"Клубқа қош келдіңіз! Imanbek Billions Club-қа қосылды. Бұл оның Roses ремиксі миллиардтан астам рет тыңдалғанын білдіреді. Дәлірек айтсақ, 1,5 миллиардтан да көп", - делінген хабарламада.

Imanbek-тің жанында Билли Айлиш, Травис Скотт, Adele және басқа да белгілі әлемдік музыканттар тұр. Бүгінгі таңда Spotify-де Иманбектің ай сайынғы аудиториясы 17 миллион тыңдаушыға жетті.

Бұған дейін Spotify марапатын канадалық рэпер Дрейк, норвегиялық DJ Kygo және британиялық әнші Дуа Липа алды.