Алматыда лаңкестік пен тонауға қатысы бар 1 237 адам ұсталды

Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар 1 237 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасының ақпарат орталығы, деп хабарлайды Sputnik.

31 бірлік атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

Блок бекеттерде 38 адам ұсталды.

"102" басқару пультіне 608 хабарлама, ал комендатураның Кол-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түсті.