Ертең үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады

Ертең, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгізеді, передает Sputnik.

Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.

"Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін", - деді мемлекет басшысы.

Еске салсақ, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді.

Премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.