Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ресейдің төрт қаласына рейстер қайта ашылды

"Уральские авиалинии" әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады:

Нұр-Сұлтан – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);

Нұр-Сұлтан – Красноярск, аптасына 1 рейс (бейсенбі);

Нұр-Сұлтан – Жуковский, аптасына 3 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі);

Алматы – Санкт-Петербург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);

Алматы – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (жұма).

Әуе рейсі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Айта кетері, рейстерді жаңарту Қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы мен Рсейдің коронавирусты таратпау жөніндегі жедел штабы шешіміне сәйкес жүргізіледі.