Қазақстан жаңалықтар
11 декабря 2021, 16:30
ҚР ИИДМ-де зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты бұйрыққа қол қойылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойылды.
Жаңа нормаларға сәйкес енді келесідей мүмкіндіктер қарастырылған:
- тұрғын үй сатып алу мақсатында одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымды толықтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.
- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке үй салу.
Бұл ретте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы салымды кепіл ретінде беруге болмайды.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Больше на Forbes