ҚР ИИДМ басшысы ҚР Қорғаныс министрімен еліміздің қорғаныс өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұмыс кеңесі өтті.

Оған ведомстволардың бірінші басшылары - Бейбіт Атамқұлов пен генерал-лейтенант Мұрат Бектанов төрағалық етті.

Кездесу барысында қорғаныс-өнеркәсіп саясатын дамыту және мемлекеттік қорғаныс тапсырысын уақытылы орындау мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаудың бұзылуын болдырмау үшін қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына нақты міндеттер қойылды.