Президент қатысатын ТМД басшылары Кеңесінің отырысы тікелей көрсетіледі

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Президентінің Телерадиокешені хабарлайды.

Шара бейнебайланыс режимінде өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де YouTube-арнасында шараның тікелей трансляциясын ұйымдастырады.