Елордада "Nur-SULTAN DUATHLON 2021" өтті

Бүгін елордалық ботаникалық саябақта әуесқойлар арасында "Nur-SULTAN DUATHLON 2021" жарысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысып, жарысқа қатысушыларды стартпен құттықтап, сәттілік тіледі. Іс-шараны қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен елорданың триатлон федерациясы ұйымдастырды.

Қатысушылардың жасы 16 және одан жоғары болды. Жарысқа қатысуға барлығы 150 адам тіркелді.

Бірінші кезең-5 шақырымға жүгіру, екінші кезең-20 шақырымға веложарыс және соңғы кезең-2,5 шақырымға жүгіру.

Мәреге жеткен барлық қатысушыларға медальдар табысталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс нәтижелері келесідей:

18-29 жас қыздар

1 орын-Гүлдана Мырзағұлова

2 орын - Динара Кузукенова

30-39 жастағы әйелдер

1 орын - Светлана Думовских

2 орын-Динара Қапарова

3 орын-Жұлдыз Уегинжанова

40-49 жастағы əйелдер

1 орын - Жамилия Ақмолдаева

2 орын - Ирина Салукова

3 орын - Инна Вишнякова

50 жастан үлкен əйелдер

1 орын - Татьяна Прилукова

2 орын - Валентина Титовская

18-29 жастағы ерлер

1 орын - Әлімжан Балтабек

2 орын - Алексей Мешалкин

3 орын-Дмитрий Луканов

30-39 жастағы ерлер

1 орын - Иван Андреев

2 орын-Юрий Нечитайлов

3 орын-Николай Чирик

40-49 жастағы ерлер

1 орын-Еділ Үрімбаев

2 орын - Ержан Біржанов

3 орын-Андрей Герасименко

50 жастан асқан ер адамдар

1 орын - Виктор Бондар

2 орын-Сергей Кузнетсов

3 орын-Қайырбек Тулушев.