«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру
2021 жылдың тамыз айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚР ҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев келесіні айтты:
«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2020 - 2025 жылдарға арналған міндеттер туралы.
2021 жылғы құрылыс және реконструкциялау жобалары туралы.
Жергілікті желіні дамыту туралы.
Орындалатын жұмыстардың сапасы туралы.
Ақы алу жүйесін енгізу.
Және жол бойындағы қызмет көрсету нысандары туралы.
Қазақстанның автожол саласын дамыту үшін Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы әзірленген болатын. Ағымдағы жылдан бастап ол «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына айналады.
«2020 жылға дейін біз республикалық маңызы бар жолдардың 13 мың шақырымға жуығын реконструкцияладық, бұл республикалық желінің 89%-ын және жергілікті желінің 75%-ын нормативтік жағдайға жеткізуге мүмкіндік берді. Жалпы, Ұлттық жобаға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың 12 мың шақырымын құрылыс және реконструкциямен, ал 11 мың шақырымын жөндеумен қамту көзделіп отыр. Сондай-ақ, жергілікті желі жолдарының 27 мың шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланған», - деп атап өтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»