Нұр-Сұлтанның қақ ортасында микроавтобус өртеніп кетті

Елордада орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті, передает Sputnik.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 10:40-де өрт сөндіру қызметіне Қабанбай батыр даңғылында ГАЗель жанып жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше оқиға "Азия Парк" ойын-сауық және сауда орталығының дәл жанында болған. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен екі техника барған. Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер Volkswagen маркалы микроавтобустың жанғанын анықтады.

Видеодан көліктің толығымен жанып кеткенін байқауға болады. Полиция жолдың екі жағын жауып тастаған.

 

Әрі қарай оқу: