Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықтың жаңа бағытын талқылады

Қазақстан мен Түркия Республикалары қорғаныс ведомстволарының өкілдері бейнеконференция арқылы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, келіссөздерге Қазақстан тарапынан бас штаб бастығы – Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері департаментінің бастығы подполковник Ержан Құлмағамбетов қатысты.

«Бүгінгі күні бұл бағыт мемлекеттеріміз үшін өте өзекті болып табылады. Біздің пікірімізше, осы саладағы ынтымақтастықты ұйымдастыру екі елдің қорғаныс қабілетінің жай-күйіне оң ықпал етеді», – деп атап өтті ол.