Қазақстан жаңалықтар
2021-06-29 20:25:00
Елбасы Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі
30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.
Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«30 маусым күні Мәскеуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді. Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың болашағы мен өңірдегі жағдай бойынша күн тәртбінде тұрған өзекті мәселелер сөз болады»,-деп жазды Айдос Үкібай.
Вам может быть интересно: «Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды»
Больше на Forbes