Қазақстандағы БҰҰ қызметінің негізгі басымдықтарының тұсаукесері өтті

6171

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Cыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров пен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Сторидің төрағалығымен 2021-2025 жылдарға арналған Орнықты даму мақсатында БҰҰ ынтымақтастығының негіздемелік бағдарламасы (UNSDCF) үйлестіру комитетінің кезекті жыл сайынғы отырысы өтті. Іс-шараға ҚР мемлекеттік органдарының, БҰҰ-ның ҚР-дағы агенттіктері мен бағдарламаларының, академиялық орта мен азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Омаров өзінің сөзінде Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимыл мәнмәтініндегі негізгі сыртқы саяси басымдықтары туралы хабардар етіп, елдің ұлттық стратегиялары мен даму бағдарламалары Орнықты даму мақсаттарымен және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Күн тәртібімен тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті. «Жаңа Қазақстанды құру аясындағы мемлекеттік органдардың күш-жігері инклюзивті экономикалық өсуді, саяси реформаларды ынталандыруға, макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз етуге және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Омаров. Сондай-ақ, сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары БҰҰ елдік командасына 31 жыл ішінде жан-жақты қолдау көрсеткені және Жаңа Әділ Қазақстан үшін адами капиталды дамыту жөніндегі әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, елдегі жүйелі реформаларды іске асыруға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде Фриберг-Стори «БҰҰ елдік командасы ауқымды жұмыс жүргізе отырып, өткен үш онжылдықта дамуда елеулі прогреске қол жеткізген Қазақстан Үкіметімен табысты бірлескен ынтымақтастыққа қуанышты» деп атап өтті.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар агенттігінің басшылары өз жұмыстарының қорытындыларын таныстырып, Қазақстандағы 2024 жылға арналған жұмыстың негізгі басымдықтарын айқындады.

Іс-шара барысында қатысушылар еліміздің БҰҰ құрылымдарымен ынтымақтастығының негізгі бағыттары және оны одан әрі кеңейту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларын ілгерілету бойынша орнықты дамудың 17 жаһандық мақсатын және бірлескен жұмысты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға қатысушылар тараптардың Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нәтижелі және прагматикалық ынтымақтастыққа өзара бейілділігін растады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube