ҚР-да пренатальды медицинаны дамыту перспективалары конгрессте талқыланды

3813

Ағымдағы жылдың 29-30 қыркүйегінде Астанада "пренаталды диагностиканың заманауи аспектілері" атты бірінші Халықаралық Конгрессі өтті.

Іс-шараға 350-ден астам пренаталды медицина саласындағы мамандар, атап айтсақ генетиктер, ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері, акушер-гинекологтар, зертхана диагностикасының мамандары, кардиохирургтар және неонаталды хирургтар жиналды.

Құрметті қонақ және тыңдаушы ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор Қуандықов Есенгелді Өсербайұлы - ҚР Медициналық генетиканың негізін қалаушысы шақырылды.

Сонымен қатар конгресске академик В. Н. Локшин, Қытайдан Наталин П. Б., Ресейден Скрябин Н. А., Блинов А. Ю, Батаева Р. С., Полякова Ю. К., Белуга М. В., Израильден Анат Г. Д., Беларусьтан Чуканов А. Н., Украинадан Николенко М. И. және басқа да көптеген пренаталды диагностика саласындағы көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Конгресс Қазақстан Республикасының халқына ультрадыбыстық диагностика және медициналық-генетикалық көмек бойынша жаңа стандарттарды іске асыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және ашық пікір алмасу алаңына айналды.

Конгресстің күн тәртібіне бірегей клиникалық жағдайларды талдау, халықаралық тәжірибе алмасу, сондай-ақ жүкті пациенттердің қатысуымен ұрықтың туа біткен ақауларын ультрадыбыстық диагностикалау бойынша көрнекі мастер-класс өткізу кірді.

Шақырылған спикерлер аудиторияның қызығушылығы мен кәсібилігін жоғары бағалады. Екі күндік Конгресс қорытындысы бойынша бірауыздан қаулы, сондай-ақ осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлау туралы шешім қабылданды, бұл пренаталды медицинаның одан әрі дамуына және осы маңызды салада тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Пренаталдық медицинаны одан әрі жетілдіру үшін ҚР-да пренатологтарды үздіксіз оқыту, халықаралық мамандардың қатысуымен, "Мастер кластар" өткізу жалғасатын болады;
заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі пысықталатын болады.
Ұрықтың ТБА диагностикасының заманауи әдістері енгізіледі.

"Пренаталдық диагностиканы жүргізу үшін бір күндік Клиника" жобасын іске асыру мәселесі қаралатын болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube