ҰЭМ басшысы Құлсары моноқаласының дамуымен танысты

6451

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Құлсарыда моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде іске асырылған бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.

Атап айтқанда, ол ұзындығы 34 шақырымнан асатын қалаішілік жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты. Қаланың 11 ықшам ауданындағы жолдарды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 3,8 млрд теңге жұмсалды. Жоба 2021 жылы пайдалануға берілді.

2022 жылы Құрсай өзенінің жағасын жалғайтын автокөпір пайдалануға берілді. Оның құрылысына 2020-2021 жылдары республикалық бюджеттен 400 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 280,4 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі 3000 орындық стадионда болды. Жабық бассейнмен және жаттығу залдарымен жабдықталған спорт нысаны 2022 жылы «Игілік» бағдарламасы бойынша демеушілік қаражат есебінен 4,1 млрд. теңгеге салынды.

Сонымен қатар, ол заманауи ағынды суларды тазарту станциясының құрылысымен танысты.

Құлсары қаласында орналасқан нысан демеушілік қаражат есебінен іске асырылады. Жобаның алдын ала құны 15 млрд. теңге. Республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге сомасына қаржыландыру қажет.

Кәріздік тазарту қондырғысының қуаты тәулігіне 10 мың текше метрді құрайды. Жергілікті биліктің айтуынша, станция ағымдағы жылдың күзінде пайдалануға беріледі.

Биыл Құлсары моноқаласын дамытуға РБ - дан 3,5 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС полипропилен өндіру зауытында болды.

Заманауи қондырғылармен жабдықталған кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін полипропилен өндіреді. Құны 2,6 млрд. долларды құрайтын жобаның толық қуатына жыл соңына дейін шығу жоспарлануда. Қазір онда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Зауытта 1100-ден астам адам жұмыс істейді.

KPI өнімдері ішкі нарыққа жеткізіліп, Ресей, Қытай, Түркия және Еуропа елдеріне экспортталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить