Астанада бірнеше көшенің учаскелері жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

7510

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Достық көшесінде және Оқжетпес пен Медеу көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол төсемін жөндеу Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі.

Осыған байланысты 29 шілде күні Мәңгілік даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Сол сияқты 30 шілде күні Достық көшесінің Сауран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.

Бұдан басқа, биыл 29-30 шілде күндері Оқжетпес және Медеу көшелерінің қиылысында көлік қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить