Астанада Antares қаржы пирамидасын құрғандарға үкім шықты

9243

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Antares қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық еткендерге үкім шығарды

«Сот үкімімен Б. және И. есімді адамдар қаржы пирамидасын құрғаны үшін және оған басшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-тармағының 3-бөлігі).

Б. 6 жыл 6 айға, ал И. қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Сот 2020 жылдың мамыры мен 2021 жылдың шілдесі аралығында Б. және И. басқа адамдармен бірге Antares қаржы пирамидасын құрғанын, басқарғанын сондай-ақ сотталушылар жалпы сомасы 200 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде тұрғындар қаражатын тартқанын анықтады.

Іс бойынша Қазақстанның түрлі қалаларының 33 тұрғыны жәбірленуші деп танылды.

«Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, аудиторлық есеп пен сараптама қорытындыларымен, шарттармен және жәбірленушілердің қаржы пирамидасына ақша салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді», - деп қорытындылады сот.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить