Павлодар облысында аурухана 3 жыл бойы кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу аясында кепілдік жарнасын қайтармай келген

Ақтөбе облысында білім беру жүйесіндегі қаржыны басқару және кадрларды қабылдаудың орталықтандырылған моделі пилоттық жоба ретінде енгізіледі
«Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, «Бизнеске жол» жобасын іске асырып жатыр. ҰКП мен Антикор жоба шеңберінде кәсіпкерлер үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізіп келеді.
Мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында көптеген бұзушылық анықталды. Май ауданының ауруханасы 2020 жылдан бастап кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алу туралы шартты қамтамасыз ету шеңберінде енгізілген 3% мөлшерінде кепілдік жарнаны қайтармай келген. Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 43-бабының 12-тармағына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын енгізілген қамтамасыз етуді өнім беруші өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.
Тапсырыс берушінің атына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау қажеттілігі туралы хат жолданғаннан кейін кәсіпкерлерге кепілдік жарналар қайтарылды.
Вам может быть интересно: «Услуги авиаперевозок взлетели в цене на 29% за год в Казахстане»