Аманғали Бердалин Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аманғали Бисенбайұлы Бердалин ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкімет.

Аманғали Бердалин 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы құрылысшы болып бастаған.

1989-1994 жж. – Ақтөбе облысы Г. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, бас мал дәрігері.

1994-2011 жж. – Г. Шевченко атындағы кеңшарда «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, «Қарабұтақ» ЖШС-нің директоры

2011-2012 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімі орынбасарының м.а., әкімі.

2012-2016 жж. – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімі.

2016-2019 жж. – Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі.

2019-2021 жж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін VII сайланған ҚР парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі болды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Ошибка в тексте