Ануар Сулейменов Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2179

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 2023 жылғы 5 шілдедегі № 550 Ж/Қ бұйрығымен Ануар Сулейменов ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Ерғали Егемберді жаңадан тағайындалған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ануар Сулейменовты Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамына таныстырды.

Сулейменов Ануар Айдарович 1986 жылғы 24 мамырда Талдықорған қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржы» мамандығы бойынша, Тұран университетін «құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылғы қазан айында Алматы облысы бойынша Салық комитетінде жетекші маман қызметінен бастаған.

2010 жылғы шілдеден бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы болып жұмыс істеген.

2019 жылғы маусымнан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы, 2021 жылғы тамыз айынан бастап әкімшілендіру департаментінің директоры, 2021 жылғы тамыз айынан бастап ірі салық төлеушілер департаментінің директоры. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить