Динара Зәкиева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды

2148

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Еске салайық, бүгін президент жарлығымен Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылған болатын.

Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.

Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.

Еңбек жолы: «ТопЮрАудит» ЖШС бас директорының орынбасары (2004-2005жж.);

- Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР индустрия және сауда министрлігі (ақпан - тамыз 2005 ж.);

- «Antarex» ЖШС негізін қалаушы, «Rafe» мейрамханалар желісі, Астана қаласы (ақпан 2006 ж.);

- Қазақстан Республикасы президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР президентінің Әкімшілігі (2007-2013 жж.);

- «Қасиетті Жол» қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы (2011 ж.);

- «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары - партияның халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі (2013-2015 жж.);

- Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ директоры (2017-2019ж.);

- «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрайымы (2019 ж.);

- Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының басшысы (2019 ж.).

2021 жылғы 15 қаңтардан парламент мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.

«Құрмет» орденімен (2019 жыл), «АСТАНА 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018 жыл) марапатталған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить