Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем Кубогында топ жарды

4859

Отандастарымыз Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко стенд атудан Алматы қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олар трап бағдарламасында аралас жұптар арасында ешкімге дес берген жоқ.

Бұл осы бəсекеде Ұлттық құрама қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін Əсем Орынбай скит жаттығуында топ жарған. Сосын Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүлдегер атанды.

Алматыдағы кезең ертең аяқталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить