Елордалық кәсіпкер рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастағаны үшін жазаланды

Құқық бұзушы өзі ұйымдастырған стихиялық полигоннан 700 тонна қоқысты шығару үшін 30 жүк көлігінін жұмысын төледі. Бұдан бөлек, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

Құрылыс қалдықтарына толы КамАЗды ауданды аралау кезінде «Нұра» әкімдігінің қызметкерлері байқады. Рұқсат етілмеген учаскеде пайдалынылған құрылыс материалдарын лақтыру фактісі табиғатты қорғау полициясына жіберілді. Өз кезегінде полиция машина тиесілі ұйымды анықтап, жауапқа тартты.

«Нұра» ауданында қоқыс заңзыс жиналған 8 негізгі нүкте анықталды. Осы мекенжайларды тұрақты негізде бақылаудамыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын аумақты аралағанда бұл қоқыс үйіндісі жиналған нүкте болмаған. Яғни 700 тонна қоқыс бір түннің ішінде шығарылған. Әрі қарайда ауданда мониторинг жүргізуді жалғастырамыз», - деді «Нұра» ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Айта кетейік, Астанада құрылыс және басқа да ірі көлемді қалдықтарды қайта өңдеуге қабылдайтын 2 санкцияланған полигондар бар. Бұлардан бөлек жерлерде қоқыс лақтыру заңмен жазаланады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте