Еңбек министрлігі: 2023 жылғы 1 наурызда 444,9 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

1726

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасындағы 444,9 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (2023 жылы – 5 175 теңге) мөлшерінде қосымша төлем түрінде заттай түрден монетизацияланған көмек форматына ауыстырылды.

Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 134,1 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить