Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынатын үйлердің қазығы қағылды

5783

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қобда ауданының Қобда ауылында болып, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып салынып жатқан 24 үйдің құрылыс жоспарымен танысты..

Жаңа үйлер Қобда ауылының Жаңақоныс шағын ауданында бой көтереді. Барлық инфрақұрылым бар, көгілдір отын, ауызсу, электр қуаты тартылған. Үйлер биылғы жылдың 1 маусымында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ералы Тоғжанов құрылыс алаңына жиналған қобдалықтармен жүздесіп, Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген бүгінгі бастаманың маңыздылығына тоқталды.

«Қобда ауылында орын алған табиғи апатқа қарамастан, біз бірлігіміз, ынтымағымызды көрсетіп, үлкен істі бастағалы отырмыз. Міне бүгін Наурыз мейрамында үйлердің қазығы қағылды. Құрылыс барысында өздеріңізбен бірге боламын. Көп созбай, екі айдың ішінде құрылысты бітіреміз. Осындай істе бір-бірімізді демесек, еліміз тұрақты дамиды», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить