Талдықорғанда Наурыз күні мыңға жуық ағаш отырғызылып, мың жарым литр наурыз көже таратылды

5572

Ұлыстың Ұлы күнінде Талдықорғанда мыңға жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Мерекеге келген қалалықтар мен қала қонақтарына мың жарым литр наурыз көже мен алты жүз кг палау, жарты тонна бауырсақ таратылды.

Осы күні қазақша күрестен «Талдықорған барысы» өткізіліп, жүлде қорына 1 млн. теңге берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы «Наурыз – берекем, Наурыз - мерекем» атты думанды күн бұлақтың көзін ашу рәсімен басталды. Жалпыреспубликалық «Таза табиғат» акциясының аясында «Жеңіс» саябағына мереке қонақтары, ақсақалдар мен зиялы қауым, «Жасыл ел» штабының өкілдері мен қала белсенділері жалпы саны мыңға жуық ағаш отырғызды. Ал биылғы жылы облыста жалпы саны 93 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube