ҚР СІМ: Қазақстандағы парламенттік сайлауға бүкіл әлем зор қызығушылық танытып отыр

2799

Елордалық «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы ұйымдастырған 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн-марафоны басталды. ОКҚ алаңындағы телемарафон барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бүкіл әлем сайлауға зор қызығушылық танытып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ortcom.kz

«Сайлауды 12 ұйымның және 40 шетелдік 800-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды. Сонымен қатар бүгін Қазақстанда 230-дан астам шетелдік журналист жұмыс істейді. Қазірдің өзінде көптеген пікірлер, бақылаулар бар. Бұл сайлау жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам», - деп атап өтті спикер.

Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, азаматтарға 62 мемлекетте 77 учаскеде дауыс беруге мүмкіндік берілген. Шетелде барлығы 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить