Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді

Астанада «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуы» атты жыл сайынғы конференция өтті.

ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті директорының орынбасары Мерей Исаева ауыл тұрғындарының табысы мен өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау бойынша мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2012 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған ШОБ (шағын және орта бизнес) кәсіпорындарының саны 44% - ға өсіп, 1,4 миллионнан асты. Әйелдер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 44,6% басқарады.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау және халықты жұмыспен қамту саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар онлайн форматта білім беру қызметтерін көрсету бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте