Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады

 Орталық Азия елдері үшін өңірлік референттік орталық құрылады, деп хабарлайды «ҚазСтандарт» РМК баспасөз қызметі.

Мәселе Бішкек қаласында өткен Қазақстан мен Қырғыз Республикалары арасындағы Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі жөніндегі кіші комитеттің жетінші отырысында талқыланды.

«HUB өңірлердің тұтынушыларын контрафактілік және қауіпті өнімдерден қорғайды, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан тауар өндірушілері үшін өзара жеткізілетін өнім экспортын және Азия өңірі елдеріне экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ҚазСтандарт» РМК бас директоры Ғабит Мұхамбетов.

Сонымен қатар, тараптар айналымдағы өнімді сынау нәтижелерін өзара тану, стандарттарды бірлесіп әзірлеу, метрологиялық қамтамасыз етуді дамыту мәселелерін талқылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте