Астанада Қазақстан - Моңғолия қатынастарының мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесу өткізді, деп хабарлайды  ҚР СІМ.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму болашағын талқылады.

Сұхбаттастар өзара сауда өсімінің оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті, оның көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 104 млн АҚШ доллардан асты.

Қ. Тумыш жоғарғы және жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстарды сақтаудың және екі ел арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастығын белсендірудің маңыздылығын атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте