Министр Марат Қарабаев азаматтық авиация ардагері Дмитрий Душимовпен кездесу өткізді
24 қаңтарда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі - Марат Қарабаев сала ардагері - "Ел-Самғау" азаматтық авиация ардагерлерін қолдау қоғамдық қорының төрағасы Дмитрий Аббасович Душимовпен кездесті.
Азаматтық авиация және сала ардагерлерін қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Дмитрий Аббасович азаматтық авиация саласын жақсарту және дамыту бойынша көп жылдық тәжірибесімен, тілектерімен және ұсынымдарымен бөлісті.
Душимов Дмитрий Аббасович - азаматтық авиация саласының еңбек сіңірген ұшқыш-ардагері. Азаматтық авиация саласының ұйымдарына, кәсіпорындарына практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді жалғастыруда. Жас білікті кадрларды қалыптастыруға және тәрбиелеуге көмектеседі.
Вам может быть интересно: «Uzbekistan Airways закупит самолёты более чем на 700 млн евро»