Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияны 81 адам жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясына – 74, коронавирус пневмониясына 7 адам шалдықты. Пневмониядан 1 науқас қаза болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі хабарлайды.

Жалпы, 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 1 949 адам (коронавирус (КВИ+) –1 796, пневмония (КВИ-)– 153) емделуде. Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 10 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске салайық, 18 қаңтарда коронавирус – 101, пневмония 4 адамнан анықталған болатын. 17 қаңтардағы тәулік ішінде кронавирусқа – 70, пневмонияға 9 адам шалдықты. 16 қаңтарда коронавирус – 53, пневмония 7 адамда тіркелді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте