Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны артты

 Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясына – 101, коронавирус белгілері бар пневмонияға 4 адам шалдықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы, 19 қаңтардағы мәлімет бойынша, коронавирустан 1 967 адам (коронавирус (КВИ+) –1 820, пневмония (КВИ-) – 147) емделуде. Олардың ішінде 154 пациент стационарда, 1 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 9 адамның жағдайы ауыр,

- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске салайық, 17 қаңтардағы тәулік ішінде кронавирус - 70, пневмония 9 адамнан анықталған болатын. 16 қаңтарда коронавирусқа - 53, пневмонияға 7 адам шалдыққан еді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте