Өткен тәулікте коронавирус инфекциясына 56 адам шалдықты

Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 56 адам шалдықты, коронавирус пневмониясы анықталған жоқ, деп хабарлайды  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда аталған індетке 1 404 991 адам шалдықты, қайтыс болды - 13 843. Коронавирус пневмониясы 90 645 адамнан анықталды, қайтыс болды - 5406.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте